АҚЫНЖАНОВ ОҚУЛАРЫ – 2019

Авторы

  • Әсемгүл Дауренқызы Қасенова
  • Мамбет Сапарбекұлы Шағырбаев

DOI:

https://doi.org/10.52967/akz2020.1.7.121.126

Түйін сөздер:

археология, Ә.Х. Марғұлан, С.М. Ақынжанов, институт, конференция, жас ғалымдар

Аннотация (түйіндеме)

2019 ж. 17 қазан күні Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтында белгілі археолог С.М. Ақынжановтың 80 жылдығына арналған жас ғалымдардың халықаралық конференциясы болып өтті. Тыңдалған баяндамалар Қазақстанның тас дәуірі, қола дәуірі, ерте темір және ортағасырлардағы өзекті мәселелеріне арналған. Жалпы конференция барысында «Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан ортағасырлық оғыз қалаларындағы жаңа зерттеулерге қысқаша шолу» және «Көне дәуірдегі мал шаруашылығы мен аңшылықтың маңызы (остеологиялық материалдар негізінде)» атты баяндамалар жас археологтар арасында үлкен пікірталасқа ұласты. Конференцияға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Курган мемлекеттік университеті (Курган қ., РФ), Кемерово мемлекеттік университеті (Кемерово қ., РФ), Қазақ Бас Сәулет Құрылыс Академиясының студенттері және «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі, «Археологиялық экспертиза» ЖШС және Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының жас ғалым-ізденушілері қатысып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жарияланымға ұсынды.

Библиографиялық сілтемелер

Savelyeva, T. V. 2019. In Kazakhstan Archeology, 3 (5), 37–46 (in Russian).

Baipakov, K. M. 2017. In Beisenov, A. Z., Loman, V. G. (eds.). Arkheologicheskoe nasledie Tsentralnogo Kazakhstana (Archaeological Heritage of Central Kazakhstan), 1. Almaty: «Begazy-Tasmola» Publ, 174–180 (in Russian).

Akhinzhanov, S. М. In Archive A.Kh. Margulan Institute of Archeology, f. 1, d. 75, 27 s. (in Russian).

Загрузки

Опубликован

2020-03-11

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Қасенова, А. Д., & Шағырбаев, М. С. (2020). АҚЫНЖАНОВ ОҚУЛАРЫ – 2019. Қазақстан археологиясы, (1 (7), 121–126. https://doi.org/10.52967/akz2020.1.7.121.126

Aynı yazar(lar)ın dergideki en çok okunan makaleleri

<< < 1 2